Арбелоа мен Касильяс келісімге келмей жүр
Испания Суперкубогының «Сантьяго Бернабеудегі» бірінші кездесуі алдында қорғаушы Альбаро Арбелоа барлық командаластарына сәттілік тілеп келіп, команда капитанын көзге де ілмей кеткен. Испаниялық басылымдар қос ойыншының өткен жылдан бері әлі де татуласпағанын жазуда.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/U7wrLxmLn_w","width":"450","height":"338"});
Естеріңізге сала кетсек, Жозе Моуринью «Реалды» жаттықтырып тұрғанда қорғаушыға сенім артып, негізге құрамға қосқан-ды. Бірақ, қақпашы Касильяс әріптесіне аса көңілі толмайтынын сездірген. Кейіннен әлеуметтік желіде «корольдік клуб» жанкүйерлерінің бірі Испания құрамасының қақпашысын қаралап жазған хабарламаны Арбелоа достарымен бөліскен. Мұны байқаған Икер оған лайк басқан. Нәтижесінде жағдай одан ары ушыға түскен екен. Сонымен қатар, өткен маусымда «Валенсияға» қарсы кездесуде Арбелоа өз қақпашысы Касильястың жарақат алуына да себепкер болған еді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.ru