Аралас жекпе-жектен Қазақстан Кубогы өтеді
Жарыс желтоқсан айының 4-8 күндері аралығына жоспарланған. Байрақты бәсеке 11 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Турнир жеңімпаздарына "ҚР спорт шебері" атағы беріледі.
Доданың басты мақсаты – аралас жекпе-жек спортын насихаттау және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Турнирдің өтуіне ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру жөніндегі комитет, Алматы облысының әкімдігі, Талдықорған қаласы әкімдігі, Алматы облысы ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы мұрындық болып отыр.
Еске сала кетсек, 2018 жылы "Қазақстандық аралас жекпе-жек федерациясы ММА" РҚБ бірнеше ММА федерацияларын біріктірді. Ұйымды Ғалымжан Есенов басқарды, ал бас директор болып Валихан Тен тағайындалды.
Республикалық бірлестік президенті Кәрім Мәсімов болып табылатын Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының қамқорлығымен жұмыс істейді. Бұл қауымдастық карате, жекпе-жек, толық байланыстағы спорт түрлері және ММА аралас жекпе-жек сияқты бағыттарды дамытады.