Аңыздың ақыры! Роналду мен Месси “Алтын допқа“ үміткерлер тізіміне енбей қалды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ championat.com

Екі футболшы да 2003 жылдан бері "Алтын допқа" үміткерлер тізімінен түскен емес. Он жылдан асық уақыт бір-бірімен бәсекелесіп, "Алтын допты" кезектесіп иеленіп келді. 21 жылдан кейін барып қана екеуі де бұл марапатқа үміткерлер қатарынан шықты. 

Лионель Месси - "Алтын допты" 8 рет жеңіп алған жалғыз футболшы. Криштиану Роналду 5 рет иеленді. Қазір аргентиналық АҚШ-та, португалдық футболшы Сауд Арабиясында доп теуіп жүр. 

Биылғы "Алтын допқа" үміткерлер тізімі төмендегідей:

1. Джуд Беллингем ("Реал" Мадрид);
2. Рубен Диаш ("Манчестер Сити");
3. Фил Фоден ("Манчестер Сити");
4. Федерико Вальверде ("Реал" Мадрид);
5. Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла")
6. Родри ("Манчестер Сити");
7. Деклан Райс ("Арсенал");
8. Харри Кейн ("Бавария" Мюнхен);
9. Витинья ("ПСЖ");
10. Коул Палмер ("Челси");
11. Дани Карвахаль ("Реал" Мадрид
12. Ламин Ямаль ("Барселона");
13. Букайо Сака ("Арсенал");
14. Вильям Салиба ("Арсенал");
15. Хакан Чалханоглу ("Интер");
16. Килиан Мбаппе ("Реал" Мадрид / "ПСЖ");
17. Алехандро Гримальдо ("Байер");
18. Адемола Лукман ("Аталанта");
19. Лаутаро Мартинес ("Интер");
20. Антонио Рюдигер ("Реал" Мадрид);
21. Артем Довбик ("Жирона"/ "Рома");
22. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");
23. Тони Кроос ("Реал" Мадрид /без клуба);
24. Мартин Эдегор ("Арсенал");
25. Дани Ольмо ("Барселона"/"РБ Лейпциг");
26. Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид);
27. Нико Уильямс ("Атлетик" Бильбао);
28. Флориан Вирц ("Байер");
29. Гранит Джака ("Байер");
30. Матс Хуммельс ("Боруссия" Д/"Рома").

"Алтын доп" иегері 28 қазан күні Парижде өтетін салтанатты шарада белгілі болады. Сондай-ақ өткен маусымның үздіктері (үздік жаттықтырушы, үздік қақпашы, үздік жас ойыншы, т.б.) анықталып, арнайы марапатталатын болады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама