«Аңыз ойыншылар» арасында әлем чемпионаты ұйымдастырылмақ
Футбол тарихында жасындай жарқылдап, жасы келе үлкен спорттан алыс кете алмай жүрген теңбіл доп тарландары үшін жаңа дода басталмақ. «Аңыз ойыншылар» арасындағы әлем чемпионаты 2016 жылдан бастап өз байрағын желбіретеді деп айтылуда. Ал бұл жарысқа 35 пен 45 жас арасындағы футболшылар қатысады. Әзірге бұл әлем біріншілігін өткізетін ел белгіленген жоқ. Жоба авторлары ұсынысы бойынша, жарысқа 16 команда қатысады. Сонымен қатар, футболшылар құрамалар сапында ғана ойнап емес, құрлық намысын қорғайтын командалар құруға да болады. Бұл әлем чемпионаты екі жыл сайын көктем немесе қыс мезгілінде ұйымдастырылып тұру жолға қойылмақ.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.ru