Антуан Гризманн "Атлетикомен" келісімшартын ұзартты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Жаңа деректер бойынша француз футболшысы 2022 жылға келісімге қол қойған. Өзге нақты деректері жарияланған жоқ. Сондай-ақ оның жалақысына үстеме қосылған. 

2016 жылы ФИФА «Атлетико» клубына 18 жасқа толмаған ойыншыларды командаға шектен тыс тіркегені үшін ойыншы сатып алуға шектеу қойған еді. Сондықтан да Диего Симеонеге қазір шабуылшы қажет-ақ еді.

Айта кетейік, Антуан Гризманн «Атлетикода» 2014 жылдан бері ойнап келеді. Өткен жылы ұлттық құрама сапында Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Осыған дейін ағылшындық "Манчестер Юнайтедке" ауысып келуі мүмкін екені айтылып келген-ді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама