Антон Пинчук Рио жолдамасын иелене алмады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ confederation.kz

91 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз «AIBA Pro Boxing» жобасының жартылай финалында сүрінді. Бірінші кезеңде бұл салмақтағы бірінші жолдаманы ресейлік Алексей Егоров иеленген болатын. Екінші жолдама Клементе Руссо қанжығасында кетті. Италиялық боксшы жобаның бірінші кезеңінде де Антон Пинчукты ұтқан-ды. Түнде өткен жекпе-жекте де төрешілер 3:0 (77:75, 78:74, 78:74) есебімен шаршы алаң иегерін жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, осыған дейін «AIBA Pro Boxing» жобасы аясында Берік Әбдірахманов (60 келі) пен Біржан Жақыпов (49 келі) жолдамаға ие болған еді. Ал Антон Пинчук бақ сынайтын салмақта Василий Левит WSB жобасы аясында жолдамаға қол жеткізіп үлгерген болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама