Анна Нұрмұхамедова алтыншы орынды қанағат тұтты

О Сансызбай Корреспондент

Жұлқа көтеруде Анна 105 келіден бастап, кейіннен 110 келіні еңсерді. Үшінші мүмкіндігінде 115 келіні басынан асырды. Бірақ, бұл нәтиже бірінші жаттығуда-ақ жерлесімізді алтыншы орыннан көрсетті. Серпе көтеруде жерлесіміз алдымен 125 келіні, екінші мүмкіндігінде 130 келіні бағындырды. Үшінші мүмкіндігінде 135 келіні де көтере алды. Нәтижесінде қоссайыс қорытындысында 250 келімен Анна алтыншы орынға тұрақтады.

Әлем чемпионаты басталар алдында 75 келіге дейінгі салмақта 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подоведова өнер көрсетеді деп күтілген-ді. Бірақ, жаттығу кезінде жарақат алған спортшы әлем чемпионатына қатыса алмады. 

Алтын жүлдені Корей Халық Демократиялық Республикасынан келген Ким Ын Джу жеңіп алды. Ол қос сайыс қорытындысында 283 келіні бағындырды. Күміс ресейлік Надежда Евстюхинаға (279 келі) бұйырса, қоланы Кан Юэ (277 келі) иеленді.

Сурет: almaty2014iwf.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама