Англия құрамасының жанкүйерлері азайып барады

О Сансызбай Корреспондент

Бүгін түнде Сан-Марино құрамасына қарсы өтетін кездесуге дайындалған 90 000 билеттің тең жартысы ғана сатылған. Ал қыркүйек айындағы Норвегиямен өткен кездесуде стадион қайта қалпына келтірілгеннен бергі ең аз жиналған (40 181 жанкүйер) антирекорд тіркелген болатын. Бүгін тағы жаңарып қалуы да мүмкін екен. Бірақ, келісімшарт бойынша Англия құрамасы өз алаңындағы ойындарын 2017 жылдың соңына дейін «Уэмблиде» өткізетін болады. 2000 жыл мен 2007 жылдары стадионның қайта жөндеу жұмыстары кезінде ағылшындар «Олд Траффорд», «Сент-Джеймс Парк», «Энфилд» және «Вилла Парк» стадиондарында кездесулер өткізген.

Англия құрамасының жанкүйерлерінің алаңға аз жиналуын әркім әрқалай түсіндіруде. Расында да соңғы жылдардағы сүреңсіз ойындары жанкүйерлерінің көңілінен шықпай жүргені анық. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында ағылшындар «Е» тобында Литва, Эстония, Словения, Швейцария және Сан-Марино құрамаларымен ойындар өткізеді. Сонымен қатар, бүгін түнде «Е» тобымен қоса «С» және «G» топтарындағы екінші кездесулер өтеді. Ал «А» тобында бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасы болса ертең түнде Нидерландымен ұпайға таласып көретін болады.

«С» тобы

Словакия – Испания

Македония -Люксембург

Беларусь – Украина

«Е» тобы

Литва – Эстония

Словения – Швейцария

Англия – Сан-Марино

«G» тобы

Швеция – Ресей

Молдова – Австрия

Лихтенштейн – Черногория

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама