Андрей Голубев пен Евгений Королев Australian Open іріктеуінен әрі аса алмады
Андрей Голубев бельгиялық Рубен Бемельмансқа екі сетте жол берді. Есеп: 6:3, 7:5. Голубев матч барысында екі мәрте қосарланған қателік жіберіп, мүмкін болған жеті брейк-пойнттың екеуін ғана іске асыра алды.
Ал Евгений Королев болса, аустриялық Андреас Хайдер-Маурерден ұтылды. Жерлесіміз қарсыласына бар болғаны бірінші сетте ғана айтарлықтай қарсылық таныта алды: 7:5. Екінші сетте ойынды өз қолына алған аустриялық теннисші сетті 6:2 есебімен аяқтап, жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 7:5, 6:2. Матч бар-жоғы 1 сағатқа созылды.
Сонымен Қазақстан үкілеген екі теннисші де жылдың ең басты жарысының іріктеуінен сүрінді. Теннисшілерімізге осы жылда болатын "Үлкен дулыға" жырыстарында сәттілік тілейміз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gotennis.ru, jeltok.info