Америкалық спорт жүргізушісі Қазақстанға баруды армандап жүргенін жеткізді
Ол бұл сөзді алғаш рет 1980 жылы қолданып, 1992 жылы өз атына патенттеп алған болатын. Айтулы спорт шараларын жүргізу арқылы Баффер 400 миллион доллар тапқан.
Америкалық жүргізуші актер ретінде де кеңінен танымал. Ол 20-дан астам фильмге түсіп, «Рокко» кинокартинасында өз бейнесін сомдады. Оның аңызға айналған дауысы «Симпсондар» мультсериалындағы сөздерді дыбыстаған.
“Жеңілуді білмейтін Геннадий Головкин нокаутқа жіберудің тағы бір хас шебері, IBF белбеуінің иегері Давид Лемьеге қарсы шықты. Геннадийді пір тұтатындар АҚШ-та миллиондап саналады, әрине Қазақстанда да Геннадийдің миллиондаған табынушысы бар. Головкинмен етене араласқаныма 5 жылдың жүзі болды. Анасымен, жұбайымен жүздескенмін. Сіздердің елге барамын деген үмітім бар. Қазақстанның әралуан сипатқа ие, көпұлтты мемлекет екенін білемін. Бұған Геннадий айқын мысал бола алады. Сондықтан Қазақстанға бару – басты арманым”, – деді америкалық актер, спорттық жарыстардың жүргізушісі Майкл Баффер.
Дереккөз: nur.kz