Америкалық миллиардер GGG – Канело жекпе-жегін Далласта өткізгісі келеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sportingnews.com

Осы аптада «Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя мен америкалық миллиардер Джерри Джонс өзара келіссөздер жүргізген. Далластық хоккей клубының иегері Джерри GGG мен Канело арасындағы жекпе-жекті өз командасы өнер көрсететін «AT&T» стадионында өткізуге ниет білдірген. Бұл стадионға 80 мың жанкүйер сыяды екен. Сондай-ақ кәсіпқой бокстағы ірі жекпе-жекті Лас-Вегастағы «MGM Grand» және Нью-Йорктағы «Madison Square Garden» ареналары да өткізуге талас жүргізіп отыр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 2016 жылдың күзінде ұйымдастырылуы мүмкін деген ақпараттар тараған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама