Америкалық боксшы Руслан Мәдиевпен қайта жұдырықтаспақ
Руслан Мәдиев пен Томас Эррера арасындағы шаршы алаңдағы кездесу Калифорния штатына қарасты Коста-Меса қаласында өтеді. Жеңіл салмақта өтетін жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Руслан Мәдиев пен Томас Эррера алғаш рет өткен жылдың 3 желтоқсанында өткен болатын. Төрт раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді.