«Алтайдың» 9 ұпайы қайтарылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Маусым басында «Алтай» клубынан 9 ұпай алынып тасталған болатын. Себебі «Восток» пен «Спартак» клубтарының негізінде құрылған жаңа командаға өскемендік ұжымның бұрынғы ойыншыларына қарыз болуы өз «салқынын» тигізген еді. Нәтижесінде жаңа клуб басшылығы Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік ететін сотқа (CAS) шағым түсірген еді. Бүгін белгілі болғандай, шығысқазақстандық клубтың 9 ұпайы қайтарылды. Нәтижесінде команда премьер-лигаға шығу үшін талас жүргізетін болады. 5 қараша күні премьер-лигада 11-орын алған командамен ойнайды.

Футболдан бірінші лиганың ойындары 30 қазан күні аяқталады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама