Әлімханұлы Канеломен айқас үшін басты арманын “тәрк етті“

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©️ ©instagram.com/canelo

Кейінгі кезде қазақстандық боксшы екінші орта дивизионда жүрген Сауль "Канело" Альвареспен айқасқысы келетінін жиі айтып кетті. 

Бұған басты себеп - орта салмақ чемпиондарының ешқайсы Жәнібекпен жұдырықтасқысы келмейтіні. Әлімханұлының ойынша, Альварес үстемдік етіп тұрған суперорта дивизионға өту еш қауіпті емес. Өйткені қазақстандық ол салмақ үшін кішірек болса да, жекпе-жекте "Канелоға" ешқандай артықшылық көмектеспейді. 

Жәнібектің басты арманы абсолют чемпион атану еді. Қазір Әлімханұлында екі белбеу бар болғанымен, керегі тағы осынша. Ал олар кубалық Эрисланди Лара (31-3, 19 KO) мен доминиканалық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 КО).

Бірақ The Ring мәліметінше, Жәнібек үлкен гонорар мен зор мүмкіндіктер үшін абсолют атану арманынан бас тартуға дайын екен. Ал ол гонорар мен мүмкіндіктерді Канеломен айқас жылдам бере алады. 

Мексикалық жұлдызға Жәнібектің есімі таныс болмауы мүмкін. Қазір 34 жастағы Альварестің бар назары келесі қарсыласы кубалық Уильям Скуллда (23-0, 9 КО). Ал одан кейін америкалық Теренс Кроуфордпен кездесуді ойластырып отыр. Сондықтан Жәнібекті елейтін жағдайда емес. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама