Алматылық балуандар Қазақ күресі федерациясы кубогын жеңіп алды
Жарысты Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Жамбыл облысы әкімдігі ұйымдастырды.
Алматының "Qazaq kuresi" клубы финалда 2015 жылғы Кубоктың иегері Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің клубын жеңді. Жалпы есеп 4:4 болып аяқталып, алматылықтар белдесулердегі артық басымдықтар бойынша алға озды. Нәтижесінде "Qazaq kuresi" клубы 2016 жылғы қазақ күресі Федерациясы Кубогының және 10 миллион теңгенің иегері атанды. Екінші орын және 6 миллион семейліктерге тиесілі болса, үшінші орын және 4 миллион теңге кілем қожайындары Жамбыл облысының қазақ күресі клубының еншісінде қалды.
Айта кетейік, Тараз боз кілеміндегі аламанға тоғыз команда қатысты.