Алматыдағы AIBA академиясында «Чемпиондар аллеясы» ашылды

О Сансызбай Корреспондент

«Чемпиондар аллеясының» ашылуы мен ағаш отырғызу рәсіміне ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Кирилл Павлов, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Алексей Ни және бапкер Тойшан Бектеміров қатысты. Олар алғашқылардың бірі болып аллеяға туя ағашын отырғызды. Алдағы уақытта «Чемпиондар аллеясына» бокс, дюздо, күрес және таеквондо құрама командалары да өз үлестерін қосатын болады.

- «Чемпиондар Аллеясы» бірінші болып ауыр атлеттердің ағаш отырғызуы біз үшін үлкен мәртебе. Бұл ағаштар мықты, алып болып өседі деп ойлаймын. Өзімдікін міндетті түрде тексеруге келемін. Бұл жерде басқа чемпиондардың да ағаштары болады. Біз әрқашан Конфедерацияның осындай шараларына қатысқанымызға қуаныштымыз. Өйткені біз үлкен бір спорт отбасымыз ғой. Барлығымыз бір іспен айналысамыз. Уақыт болып жатса, өзге де зілтеміршілермен осы жерге міндетті түрде келеміз, - деді ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни.

Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев та игі бастамаға қатысу туралы өз ойын былай білдірді: «Халықта әрбір ер жігіт үш нәрсені жасауға міндетті: Үй салу, ағаш отырғызу және отбасын құру деген сөз бар. Сондықтан да мен үшін бүгінгі шара маңызды. Енді біздің достарымыз осы жерге өз ағаштарын отырғызады. Мүмкін кейін бәріміз жиналып осы жерге келіп, өз ағаштарымызды көретін де шығармыз».

«Чемпиондар аллеясының» ашылуына қатысқан қазақстандық ауыр атлеттер Алматы облысындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің оқушыларымен де кездесу өткізді. Лицейдің тыныс-тіршілігімен танысқан спортшылар оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, әскери өмірмен тыныстап жүрген жастарға сәттілік тіледі. 

Сурет: confederation.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама