Алматыда триатлоннан Азия кубогы жарысы өтеді
Азия кубогы Elite дәрежесіндегі (кәсіпқой) спортшылар арасында өтеді. Әр елден келген 130-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар спринттік сын бойынша жарыс жолына шығады. Кәсіпқой спортшылар болғандықтан, олар 750 метрге жүзу, 20 шақырымдық веложарыс және 5 шақырымға жүгіру бойынша бәсекеге түседі.
ASTC Asia Cup – бұл Азия Триатлон Конфедерациясы (ASTC) мен Халықаралық Триатлон Одағы (ITU) бірігіп өткізетін кубоктар сериясы.
4 тамызда Сайран көлінде 18 жастан асқан AGE санатындағы әуесқойлар арасында да чемпионат өтеді.
Айта кетейік, триатлон – жүзу, велобәйге және жүгіру сияқтыспорттың үш түрінен тұратын мультиспорттық жарыс. 2000 жылдан бастап триатлон Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген.
Қазақстанда триатлон еліміздің барлық өңірлерінде дамып келеді. 2019 жылы республикалық және халықаралық деңгейдегі 18 жарыс өткізу жоспарланып отыр.