Алматыда тоғызқұмалақтан республикалық турнир басталды

О Сансызбай Корреспондент

Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын сақтау, ұлттық спорт - тоғызқұмалақты халық арасында кеңінен насихаттау.

Республикалық турнирге Алматы қалаларымен қатар Астана, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, ОҚО, БҚО, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстарынан жалпы саны 93 спортшы қатысуда. Олардың қатарында ҚРЕССШ (1), ХДСШ (7), СШ (24), СШҮ (51), І-дәрежелі спортшылар (10) бар. Оның ішінде Әлем, Азия чемпиондары халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Ғ.Темірбаев, Х.Елеусінов, Ә.Дәлиева, Д.Кенина, спорт шеберлері Ж.Мейрамқұл, Н.Құрманов сынды спортшылар да бақ сынауда.

Төрт күнге созылатын сайыс 7 турдан, тақта бойынша швейцариялық жүйемен өткізіледі.  Әр тақтада 1-ші орын алған спортшыларға «Спорт шебері» атағы беріледі. Жарыстың бас төрешісі: М.Ноғайбаев (Алматы қ-сы), бас хатшы Қ.Нұршин (Ақтөбе обл.). Бас төрешінің орынбасары:Ә.Қыдырбаев (Алматы қ-сы), бас хатшының орынбасары: С.Ықыласов (Қызылорда обл.)

Еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік, логикалық ойлау өнері, ұлтымыздың ақыл-ой ойыны. Бұл өнердің басты қасиеті — адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруде ерекше маңызға ие. 

Сурет: Қыздар университетінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Тоғызқұмалақ ойнай білесіз бе?!

Мақсат Есенбекұлы: "Елімізде жастардың тоғызқұмалақпен "ауыру" үрдісі басталып кеткен..."

Тоғызқұмалаққа арналған ежелгі тастар табылды

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама