Алматыда шорт-тректен ҚР Кубогының II кезеңі басталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Шорт-трек спорты негiзiнен конькимен жүгiру жарысының бiр түрi. Алайда, шорт-трек спортында конькишiлер ұзақтыққа емес, қысқа қашықтықта әрi жылдамдыққа жарысады. Шорт-трек Универсиада-2017 жарыстарының негізгі бағдарламасына кіретін спорт түрі. Шорт-трек Қазақстанда енді дамып келе жатқан спорт түрі болуына қарамастан, қазіргі кезде отандық коньки тебушілердің деңгейі екі-үш сатыға жоғары көтерілді. Ел басшылығы және ҚР конькишілер Федерациясы шорт-тректің дамуына ат салысып, барынша назар аударуда. Бұл тұғырда жасалған жұмыс өз жемісін де беруде – отандық шорт-трек шеберлері 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен Олимпиададағы эстафеталық жарыста финалға шыққан болатын, ал юниорлар арасындағы әлем біріншілігінде, қазақстандық жас конькиші Денис Никиша қола жүлдеге ие болды.

Шорт-тректен ҚР Кубогін өткізудің басты мақсаты бұл – аталмыш спорт түрін көпшілікке дәріптеу, тарату және аймақтық балаларға арналған спорт мектептерінде дамыту. Шорт-тректен ҚР Кубогінің Екінші кезеңі – бұл отандық конькишілер ортасындағы маңызды оқиға. Жас және келешегі бар жеңімпаз конкишілер 2017 жылы өтетін Универсиадада өз бақтарын сынап көруге мүмкіндік алады. Кубоктің Екінші кезеңінде Қазақстанның сегіз аймағынан келген 8 топ жарысқа түседі. Олар – Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары, Оңтүстік Қазақстан облысы, Астана және Алматы қалалары.

ҚР Кубогының II кезеңі 23 қазанға дейін созылады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама