Алматыда Қысқы жүгіру өтті

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ ұйымдастырушылардан

Жарысты балалар бастап, 3 км қашықтықты жүгіріп өтті. Жас қатысушылар арасынан Константин Вильгельм (14 жас, Алматы) және Ярослава Садагаева (10 жас, Алматы) озып шықты.

Негізгі қашықтықта алматылық отбасылық жұп жеңіске жетті. Алексей Гусаров мәре сызығына 33 минут 4 секундта келіп жетті және Дана Гусарова жұбайынан 5 минут кейін мәреге жетті. Ерлер мен әйелдер арасындағы үш көшбасшы 200 000 теңге көлеміндегі жүлде қорын өзара бөлісті.

Жас шамасы санаттарындағы жеңімпаздар да анықталды. Маусымдық жүгіру жарысында алғаш рет 60 жастан асқан қатысушыларға арналған санат ашылды. Сөре сызығына 19 астам спорт ардагерлері шықты. Турдумамат Абдазов (63 жас, Бишкек) және Любовь Ассанова (62 жас, Темиртау) көш бастады.

– Қыстыгүні жүгіру – спорттың ерекше түрі. Осындай суықта бірдеңе істеудің өзі оңай емес. Алайда, бүгін мың жарым қатысушы спортпен жылдың кез келген мезгілінде де айналысуға болатынын дәлелдеп берді, - деді Салтанат Қазыбаева, "Бірінші болу — батылдық" корпоративтік қорының директоры. — Жүгірушілердің саны күн санап артуда. Соған қарамастан, әрбір спортшы өз киіміне, аяқ киіміне, денсаулығына әрдайым назар аударып тұруы керек. Бастысы, жүгіру шынымен де пайдалы болуы тиіс.

Дүйсенбі күні, 24 ақпанда Көктемгі жүгіруге тіркелу басталады. Айта кетейік, Көктемгі жүгіру 14 наурызда Алматы қаласында өтеді. Сонымен қатар, "Алматы марафонына" дайындалу үшін тегін жүгіріп жаттығу жалғасуда: сейсенбі күндері, сағат 20:00-де, Тұңғыш Президент саябағында, бейсенбі күндері, сағат 20:00-де, "Атакент" ҚІЫО-да, және сенбі күндері, сағат 10:00-де, "Атакент" ҚІЫО-да.

"Алматы марафонына" тіркелу басталып кетті. Жарыс 19 сәуірде өтеді, сөре сызығында дүние жүзінен 18 000-ға жуық әуесқой спортшы жиналмақ.

Қысқы жүгіруді ұйымдастырушылар: "Бірінші болу — батылдық" корпоративтік қоры, "World Class Almaty" фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңбасқатүрің мультиспорттық Youtube арнасы.

Маусымдық жүгірулер мен "Алматы марафоны" бас серіктесі — Kaspi.kz.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама