Алматыда журналистер арасында бильярд турнирі өтті
Журналистер арасындағы бильярд турнирі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Оған Раимжан Бузурходжаев бастаған еліміздегі бильярд спорты қауымдастығының өкілдері төрелік жасады.
Жарыс қорытындысы бойынша finprom.kz порталының тілшісі Широких Александр бірінші орынды иеленіп, ноутбук жеңіп алды. Екінші орынды "Қазақ әдебиеті" газетінің тілшісі Орынбаев Ерлан иеленіп, планшетке ие болды. Қола жүлдені «КТК» арнасының тілшісі Дәулетияр Ерланби иеленді.
Сонымен қатар, турнирді ұйымдастырушылар Wargaming компаниясының атынан арнайы сыйлықтарды кейбір қатысушыларға табыс етті. Бұл сыйлықтарға Ғабитов Феликс ("Время" газеті), Хегай Марина ("КАРАВАН" газеті) мен Трофимов Александр ("Время" газеті) ие болды.