Алматыда футболдан қайырымдылық турнирі өтеді
Алматыдағы қайырымдылық турниріне «White&Case», «Сбербанк», «Kaz United», «RG Brands», «НСК», «KazKom», «Аэропорт Алматы», «Mega», «Shymbulak» т.б. компаниялардың командалары қатысуға өтініш беріп отыр. Турнирден жиналған қаржы сал ауруымен ауыратын мүгедек балалардың дәрі-дәрмек, ем-домдарына, медициналық сауықтыру құрал-жабдықтарына жұмсалады. Тунирдың серіктесі – оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға медициналық құрылғыларды тікелей үлестіретін мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қауымдастығы (АРДИ). Қазіргі таңда бұл қауымдастық құрамында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбилеп отырған 500 отбасы бар.
Қайырымдылық турнирі 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Алғашында «Лондон экономика мектебі» (London School of Economics and Political Sciences) британ университеті түлектерінің қауымдастығымен бірге Алматы қалалық «Болашақ» қауымдастығы және «Алтын Қыран» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып өткізілген. Әр жыл өткен сайын командалардың, жанкүйерлердің, серіктестер мен қолдаушылардың тарапынан турнирге деген қызығушылық артып келеді. Былтырғы жылы ғана өткізілген турнирден жиналған 1.4 миллон теңге динамикалы электрлік нейростимуляция құрылғысын және «ДИСПОРТ» дәрілік құрылғысын сатып алуға жұмсалған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалардың еміне көмек көрсеткен.
Қайырымдылық турнирын өткізуге «RGBrands», «НСК», «Сеть фитнес клубов Fidelity», дисконттық клуб «OneCard» және т.б. компаниялар мен орталықтар серіктес болып отыр. Жарыс Алматыдағы орталық стадионның қосалқы алаңдарында өтеді.