Алматыда дзюдодан «Гран-При» турнирі басталды
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, алаң иелері әр салмақ дәрежесі бойынша төрт спортшыға дейін қатыстыра алады. Ел намысын 51 спортшы қорғайтын болады.
Бүгін жарыс жолына ерлер арасында 60 және 66 келіде, әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіде жарыс жеңімпаздары анықталады. Жарыс Астана уақытымен сағат 10:00-де басталды. Ресми ашылу салтанаты сағат 16:30-ға жоспарланған. Тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсетуде.
Бүгін жарыс жолына қазақстандық спортшылар арасында Жансай Смағұлов, Рустем Ибраев пен Галбадрах Отгонцэцэг финалға шықты. Жартылай финалдық және финалдық белдесулер сағат 17:00-де басталады.
Ел намысын қорғап жатқан қазақстандық спортшыларға сәттілік тілейміз! Жарыс 15 мамырға дейін жалғасады.