«Алматы туры» халықаралық велоспорт додасы басталды
Жарыстың ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек пен экс-әкім Ахметжан Есімов қатысты. Спортшыларға сәттілік тілеп, үшінші рет ұйымдастырылып отырған жарыстың маңызы туралы айта кетті.
- «Алматы туры» халықаралық додасы үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа кәсіби 20 команданың спортшылары қатысуда. Ал тікелей эфирде «KazSport» және «Евроспорт» арналары көрсетуде. Елбасы айтқандай, осындай жарыстарды ұйымдастырып, халықтың әл-ауқатын, денсаулығын нығайтуға, қуаныш сыйлауға жағдай жасаймыз. Біздің командаға сәттілік тілеймін, - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.
Биыл спортшылар 31 шақырымнан тұратын әл-Фараби даңғылын алты айналмалы жол арқылы жүріп өтеді. Яғни, Алматыдағы доданың жалпы қашықтығы 186 шақырымды құрайды.
«Алматы Турын» отандық «Kazsport» арнасы көрсетуде. Шешуші кезеңге келгенде «Евроспорт» арнасы да жарысты көрермендерге ұсынатын болады.
Айта кетейік, 2015 жылғы «Алматы турының» басты фаворите ретінде «Астана» клубының мүшесі Фавио Ару саналып отыр.