Алматыда Алматы туры алтыншы халықаралық веложарысы басталды. Веложарыс биыл да екі күнге созылып, екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең 29 қыркүйекте 12:00-де Астана алаңында, ҚБТУ ғимараты алдында басталады. Бұл кезең барысында спортшылар 26,1 шақырымға созылып жатқан 7 қалалық айналымды жүріп өтуі тиіс. Жарыс мына маршрут бойында жүреді: Астана алаңынан Төле би көшесі бойымен Достық даңғылына дейін, содан кейін жоғары қарай Сәтбаев көшесіне дейін және әрі қарай Назарбаев даңғылына дейін. Осы даңғыл бойымен велошабандоздар жоғары қарай әл-Фарабиге жетеді. Жарыс жолының ең ұзақ бөлігі осында - осы даңғыл бойымен спортшылар Мұстафин көшесіне дейін барып, сонда артқа қарай айналып, Сейфуллин даңғылына жетеді. Осы даңғылмен төменге қарай Сәтбаевқа түсіп, қайтадан солға қарай Байзақовқа, артынша Абайға түседі. Абай даңғылының бойымен Желтоқсан көшесіне - сосын қайтадан Төле би көшесіне, сәйкесінше, Астана алаңына қарай бұрылып, мәре сызығын кеседі. Алматы турының бірінші кезеңі Андрей Кивилевті еске алуға арналуда. Қазақстандық аңыз велошабандоздың дүниеден озғанына 15 жылдың жүзі болды. Бұл кезең аяқталғанда марқұмның жары Наталья жеңімпазды танымал спортшының алғашқы кәсіби командасы болған Фестина жейдесімен марапаттайды. Жарыс мына сызба бойынша жүреді: Астана алаңынан Төле би көшесімен Достық даңғылына дейін, сосын Сәтбаев көшесіне дейін жоғары, ол жақтан Назарбаев даңғылына дейін. Бұл даңғылдан велошабандоздар әл-Фарабиге жоғары көтеріледі. Жарыстың ең ұзақ жолы осы даңғылда спортшылар шығыс бағытта Мұстафин көшесіне дейін жүріп, сол жерде айналып, қайтадан Сейфуллин даңғылына дейін жүреді. Бұл даңғылдан жарыс қатысушылары Сәтбаевқа дейін төменге жүреді, кейін солға бұрылып Байзақовқа дейін кейін Абайға дейін төмен барады. Абай даңғылының бойымен Желтоқсан көшесіне жетіп, сосын Төле биге дейін төмен жүреді, содан Астана алаңына бұрылып, сол бойда мәреге жетеді. Спортшылар Астана уақытымен шамамен 16.00-де кезеңді қорытындылауы керек. Осылайша ескертеміз: 9:30-ден 17:00-ге дейін осы көрсетілген жол бөліктерінде жолдар уақытша жабылады.