"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Ұйымдастырушылар қатысушылардың таңдауына 4 локация мен 4 қашықтықты ұсынды.
• ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ – 4 км,
• Сайран көлінің саябақ аймағы – 5,5 км,
• Баум ат. Тоғай – 6 км,
• "Атакент" ҚIЫО паркі – 5,5 км.
Жүгірушілер жүгіретін жерді өздері таңдайды және Алматының бір немесе бірнеше танымал жүгіру орындарында ең жылдам қатысушы атағы үшін жарыса алады. Белгілі бір бағыт жоқ. Сөре ұйымдастырушылары тек ұсынылған локация карталарын ғана ұсынады. Жүгірудің маңызды шарттарының бірі, спортшы өзі таңдаған саябақтың аумағында ғана сөре сызығына келіп, жүгіріп, мәреге жетуі тиіс. Жүгірудің басталу уақыты мен бағыты толығымен қатысушының өз құзыретінде қалады.
- Жүгіру маусымын жаңа форматтағы онлайн-жүгіріспен жабамыз деп шештік. Идеямыз қарапайым — жүгіруді көптеген адамдарға қолжетімді ету. Осы мақсатта, жүгіруде қысқа қашықтықтар ұсынылып отыр, олар жаңадан бастап жатқан жүгірушілерге де қатысуға мүмкіндік береді. Өйткені карантин және коронавирус індеті пандемиясы жағдайында иммунитетті нығайту және спортпен шұғылдануды жалғастыру өте маңызды, - деп түсіндірді "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының директоры және жүгіруді ұйымдастырушы Салтанат Қазыбаева. - Әдеттегідей, қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі біз үшін ең бірінші орында қала береді, сондықтан да бұл сөре онлайн-форматта өтеді. Спортшылар өз медальдерін жарыстан кейін, сол жерде ала алады.
Қатысу үшін almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп, тіркелу жарнасын төлеу керек. Қатысу құны - бір қашықтық үшін 3 500 KZT. Тіркеу рәсімі, әрбір локацияда 500 адам жиналған соң аяқталады.
Бір немесе бірнеше локацияда жүгіруге болады. Ең бастысы, екі жарыс күнінде, 2020 жылдың 14-15 қарашасында қашықтықты жүгіріп өту қажет. Жарыс қорытындысы бойынша, мәреге жеткен барлық қатысушылар медальдарға ие болады. Әрбір локация медалі ерекше болады.
2020 жылы "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының көптеген сөрелері онлайн-форматта өтті, сондай-ақ 18 қазанда алғаш рет Virtual Half Marathon атты Алматы жартылай марафоны да онлайн режимде өтті. Жарысқа бүкіл Қазақстан бойынша әуесқой спортшылар қатысты.