Алматы марафоны: Күзгі жүгіру жарысы өтеді

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Күзгі жүгіру жарысы биыл «Алматы марафонына» дайындық шеңберінде соңғы шара болмақ. Жарыс осымен бесінші мәрте өткелі отыр. 10 жастан бастап 14 жасқа дейінгі қатысушылар үшін 3 км қашықтық ұсынылса, ал 14 жастан ересек спортшылар 11 км қашықтықты жүгіру немесе скандинавиялық жүріс арқылы еңсеруі керек.

Күзгі жүгіру жарысы Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күні аясында осы мәселеге ерекше назар бөлетін Санофи компаниясының қолдауымен өтеді. Биыл  Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күні отбасы денсаулығына арналған.

- Дене шынықтыру және салауатты өмір салты – диабетті дәрі-дәрмекпен емдеуге және оның алдын алуға қосымша көмек. Халықаралық диабет федерациясының дерегіне сай, әлемде әр он бірінші адам қант диабетіне шалдыққан. Жүгіру жарысының бір міндеті – адамдарды аурудың қауіптері, оларды анықтау туралы хабардар етіп,  және бастысы, алдын алуға көмектесу.Жүгіру осы міндетті ойдағыдай орындап, жүгірушініжан рахаты сезіміне бөлеуге септігін тигізеді, - дейді «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қорының директоры, Күзгі жүгіру жарысының ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама