“Алматы марафоны“ басталды
Марафон 3 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым, эстафеталық "экиден" және 42 шақырым 195 метрлік қашықтықта болып жатыр. Экиден сайысында қаладағы түрлі компаниялардан корпоративтік командалар сынға түседі.
Жарыстың абсолютті жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болады.
1 орын (42 км) - 400 мың теңге;
1 орын (21 км) - 250 мың теңге;
2 орын (42 км) - 300 мың теңге;
2 орын (21 км) - 150 мың теңге;
3 орын (42 км) - 250 мың теңге;
3 орын (21 км) - 120 мың теңге.
Марафоннан түскен қаржы қайырымдылық мақсатта жұмсалады.
Айта кетейік, "Алматы марафоны" спорттық шарасына Мassaget.kz сайтының ұжымы да қатысуда.