Алматы қалай Орталық Азияның хабына айналды?

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ almatytriathlon.org

Спортпен айналысушы қала тұрғындарының саны барлық алматылықтардың 30%–ын құрайды, демек, бұл 600000 адам қалада саламатты өмір салтын сақтанады деген сөз. Олай болса спортпен жаппай айналысудың феномені неде?

- Меніңше, психологиялық парадигма ауысып кеткен сияқты, - дейді пауэрлифтингтен әлем чемпионы, «Сенің жаңа қырың!» челленджінің негізін қалаушы Валихан Тен.  

– Егер он жыл бұрын кездескен кезде біз: «Қай түнгі клубқа барасың?» деп сұрасақ, қазір: «Қай спорт түрімен айналысасың?» деп сұраймыз. Бұл сәннің әсері деуге де болмас. Алматыдағы спорт қолжетімді болып, қалалық субмәдениетте жаңа Street Workout тренді, басқаша айтқанда, көшедегі фитнес мәдениет іпайда болды. Соның әсерінен дене шынықтырумен бапкерсіз, спортзалсыз және қаражат қажет етпей кез келген адам айналыса алатын болды. Воркауд философиясы әлемде үлкен бапкерлік алаң ретінде қабылдап, кез келген орындық жаттығу орнына айналатын болған. Өткен жылы біз бұл денешынықтыру түрлерін біріктіріп, «Сенің жаңа қырың!» челленджін бастадық. Оның мәні әр адам өзін 21 күнде өзгерте алады. Тек спортпен үздіксіз айналысып, өз жаттығуларыңды бейнежазбаға түсіріп, желіге жариялау керек. Қанша қазақстандықтың бұл челленджге атсалысқанын білесіз бе? 300 000 мыңнан артық! Биыл «Сенің жаңа қырың!» өз жалғасын басқа форматта табады, - дейді.

- Назар аударсаңыз, қалада келісті спортшы әйелдердің саны көбейген, - деді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.

– Біздің спортқа деген көзқарасымыз өзгерген. «Гламурлі» мыңжылдықтың қалай басталғанын еске түсіріңіз. Бізді адам денесінің жетіспеушіліктері мен артықшылықтарын киіммен, жаңа фасонмен жауып, назарды макияжға аудару көбейген. Адам денесінің коррекциясын спортпен жасау екіншіорынға ауысқан. Бірінші орында  косметика мен киім-кешек болатын. Уақыт өте келе сұлулыққа деген көзқарас толенрантты бола бастады – «өзіңді осы қалпыңда жақсы көр», «барлық фигура әдемі» және әрі қарай... Осылай барлығымыз фигуралардың бәрі әдемі екенін, әсіресе спорттық фигуралардың әдемілігін, ал байлық пен киімді көрсету трендтен кеткенін түсініп, әдемі фигураға кез келген киім келісе кететінін ұғындық. Сол кезден бері көп әйелдер спортқа ден қоя бастады. Бірі фитнес-клубқа, бірі йогаға, ал тағы бірі спорттық аяқ-киім сатып алып, жүгіре бастады. Жүгіру көптеген сұрақтарға жауап беретіні белгілі болды! Ол тек әдемі аяқ пен бел сыйлап қана қоймай, өзіңді бағалауды жаңа деңгейге көтеріп, бір орында тоқтап қалмауға көмектеседі. Жүгіру – Қазақстандағы еңтанымал спорт түрі. Оның көрінісі Алматы марафонына 2019 жылы 17 мың адам қатысқаны. Айтпақшы, олар әлемнің 53 мемлекетінен келген. Келер жылы бұдан көп болатынымызға сенімім мол.  

Әрине біржақты көзқарас спортқа көп назар аудартпайтыны белгілі. Алматы көптеген жылдар бойы халықаралық аренаның рөлін сомдап келеді. Бұған өзіндік үлесін Универсиада-2017 қосқан болатын. Қалада олимпиадалық деңгейдегі обьектілер, және кәсіби спорт әуесқой спорттың қозғаушы күшіне айналды. Үлкен масштабта болмаса да, Алматы «Барселона эффектін» қайталады (Олимпиада-1992 каталон астанасының қала ретінде жаңғыруына көпжылдық бағдарламақ ұрды. Ол 1980 жылдан бастау алған болатын. Дамуы тежелген индустриалды қалаға ірі көлемді инвестициялар салынып: фасадтар жаңарып, сумен қамту және канализация жүйелері қалпына келтіріліп, жаңа автобандар салынып, қоғамдық көліктің модернизациясы және т.б.).

Бүгінде қалада марафон, суға жүзу, мотожарыстар, ММА жарыстары, дрэг-рейсинг, пауэрлифтинг, футбол, волейбол, гимнастика, жеңіл атлетика, хоккей, күрес және тағы басқа спорт түрлерінен жоғары деңгейдегі жарыстар өтуде.

Екі жыл қатарынан Алматыдағы Сайран көлінде триатлоннан Азия Кубогінің Almaty халықаралық ASTC Sprint Triathlon Asian Cup кезеңі өтуде. Бұл контингенттік жарыс Қазақстан триатлон федерациясымен Халықаралық триатлон одағының (ITU) өз ара келісімі аясында, триатлонның елімізде танымалдығын арттырып, дамыту бағытында іске асуда. Басқаша айтқанда, Алматы триатлон сынды ерекше спорт түрінен мұндай ауқымды шараларды қабылдай алатынын дәлелдейді. Осы жылы біз Азия мен әлемнің әртүрлі елдерінен  150 траитлоншы келеді деп күтілуде. Азия Кубогы аясында «TEMIRADAM» Кубогынің  (Ironman қазақ нұсқасының) VIII кезеңі өтеді.

- Шетелдік қонақтарға, әсіресе қаланың орталығындағы салқын көлді мұзтаулардың көмкеріп тұрғаны өте қатты ұнады, - дейді Almaty Triathlon Federation атқарушы директоры Руслан Когай.

– Біз бұл сұлулыққа үйреніп кеткенбіз. Ал олардың таңданысын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жапондық бір триатлоншы қыз Алматыны алмаға теңеп, оны айналасынан мұз айдаһар қорғап жатыр деді! Айта кету керек, өткен жылы Азия Кубогының кезеңін біз халықаралық сарапшылардың бірде бір ескертуінсіз өткіздік! Биыл да сол жетістікті қайталайтынымызға күмәнім жоқ. Біз алматылықтарды және қала қонақтарын аса танымал Сайран өзенінде 3-4 тамыз аралығында күтеміз.

Айта кетейік, триатлоннан Азия Кубогының өтуі қала басшылығының арқасында болды. Триатлоннан Азия  Кубогына дайындық кезінде Сайран көлі территориясында ірі жөндеу жұмыстары болды. Олардың ішінде жаңа асфальтты төсеу, спорттық аймақтарды құру, воркаут пен волейболға алаңдар жасау, пандустарды, пирсті салу, жарықтандыру құрылысы, газон отырғызу және т.б. жұмыстар бар. Одан бөлек, жағажайға жаңа құм төселіп, парктің ішіне ондаға норындықтар қойылды. Сайранның жағасы жүздеген спортшылар мен демалушыларды тартатындай деңгейде өзгерді.

Триатлоннан Азия Кубогін өткізу және көлдің айналасын реттеу – ірі спортты шаралардың қалалар мен аймақтардың дамуына көмектесетінін және тұрғындардың өмірін жақсартатынын көрсетеді. Ғалымдар 1970 жылдың өзінде халықтың спортқа қызығушылығы 30% жеке шабыттандыруға, 10% - жарнамаға және 60% – мемлекет қаржысы мен саясатына байланысты екенін анықтаған. Есесіне мемлекет сау әрі жұмысқа жарамды азаматтарды алады. Бәрі өте оңай.

Қатысу үшін мына сілтемеге өтіп, тіркелуге болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама