Алматы қаласы күрес федерациясына жаңа президент сайланды
2014 жылдан бастап Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы аймақтарда күресті дамыту мақсатында ауқымды іс-шаралар атқаруда. Федерация президенті Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлының басқаруымен, вице-президент Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлының бастамасымен бес облыстың жергілікті федерацияларына жаңа президенттер тағайындалған. Алдағы уақытта еліміздің ірі қалаларында бапкерлер мен балуандарға қолдау көрсету мақсатында, күрестің дамуы мақсатында көптеген игілікті істер қолға алынбақ.
Алматы қаласының күрес федерациясына президент болып сайланған Исказиев Құрманғазы 1965 жылы дүниеге келген. Геолог-мұнайшылар әулетінің мүшесі. 2013 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың қаңтарына дейін геология бойынша директор, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бас геологы, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры болған. Алдағы уақытта екі қызметті қатар атқаратын болады.
Қызметкерді тағайындау жиынында ел күресінің ертеңі де талқыланды. Сонымен қатар, қазақтан шыққан тұңғыш әлем және Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров алдағы ірі жарыстарда спортшыларымыздың жоғары жетістіктерге жетуін тілеп, ақ батасын берді.
Сурет: massaget.kz
Оқи отырыңыз
Қазақстандық «классик» балуандардың әлемдік рейтингтегі нәтижелері жоғарылады
Пакьяо мен Мейвезер арасындағы «ғасыр жекпе-жегі» өтпеуі мүмкін
Шахмарал Жетпісов басты жекпе-жекте жеңіліп қалды
14 жастағы қазақстандық футболшы Францияны мойындатты