Алматы жартылай марафоны қарсаңында дәрігерлер кеңес береді

Айбар Рысдәулет Корреспондент

Жүгірудің пайдасы туралы бәрімізге белгілі. Сонымен бірге оның спорт екенін естен шығармаған абзал. Кез келген спорттық жаттығу тәрізді жүгіру де мұқият дайындық пен дұрыс техниканы қажет етеді. Жүгіруді жаңадан бастағандар немесе оған ұзақ уақыт бойғы үзілістен соң кіріскендер жиі жарақаттанады. Көптен күткен марафонға ойдағыдай қатысу үшін денсаулыққа қазірден бастап көңіл бөлген жөн. 

Неден бастау керектігін білмесеңіз, алдымен терапевтке барып, бейінді дәрігерлерге жолдама алып, олардың ұсынымдарына құлақ асыңыз. Міндетті түрде дәрігерге ұзақ қашықтыққа жүгіруді жоспарлап отырғаныңызды ескерту қажет. 

Жүгіруге бір күн қалғанда …

- Өз хал-жайыңызды қадағалаңыз. Суық тию, сырқаттану, улану анықталса,  жүгіруге қатыспаған жөн. Әрине, бұл өкінішті. Дегенмен, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, марафонға жанкүйер ретінде ғана келе аласыз. 

- Сөре алдында жақсы ұйықтап, тынығу қажет. 

- Жарыс алдындағы түні алкоголь ішімдіктерін пайдалануға мүлдем тыйым салынады. 

- Әлемдік дәстүрге сай, марафон алдында паста-пати ұйымдастыруға болады. Баяу көмірсулар жүгіру кезінде ағзаға қажетті қуат қорын қалыптастырады. 

Таңертең жарыс алдында …

- Энергетикалық сусындарды шектен тыс пайдаланбаңыз. 

- Марафон өтетін күні көмірсуларды сөре басталар алдында 3 сағаттан кешіктірмей, ал соңғы асты жарыс басталуға 1,5-2 сағат қалғанда ішуге кеңес беріледі. Жүгіру алдында шөлдесеңіз, 1 немесе 2 стакан су ішу қажет. 

- Жарыс алдында шынығып, тізе, табан, кеуде, мойынға жаттығу жасаған дұрыс. 

- Жеңіл күртеше немесе плащ кисеңіз, сөренің басталуы алдында берілетін белгіні күтіп тұрған кезде тоңбайсыз. 

Жүгіру кезінде …

- Өз күшіңізді бірқалыпты жұмсаңыз. Шаршасаңыз, баяу жүгіруге көшіңіз. Алайда, тоқтамай, мәреге дейін жүруді жалғастырыңыз. 

- Жаз мезгілі болмағандықтан, мәреден кейін бірден жылы құрғақ киім киіңіз. 

- Бастысы, өзіңізді жақсы сезінсеңіз болғаны. Өз денеңізге көңіл бөліп, шектен тыс күш салмаңыз. Бірінші кезекте сіз өзіңіз үшін, содан кейін ғана жеңіпаз атағына ие болу үшін жүгіресіз. 

- Трассада медициналық  көмек көрсету 

Марафон күні жүгірушілердің хал-жайы мен қауіпсіздігін жедел медициналық жәрдем станцияларының бригадалары мен веломедиктері қадағалап, бағдар бойынша кардиологиялық орталық қызметкерлерінің медициналық шатырлары орнатылады. Сонымен бірге Алматы жартылай марафонына дайындық аясында Қазақ-Ресей медициналық университетінің (ҚРМУ) 30-дан астам ерікті студенті Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамында дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек негіздерін ақысыз оқыды. Трассаның әр шақырымында Қызыл  Жарты Ай қоғамының еріктілері және дайындықтан өткен ерікті студенттер кезекшілік етеді. 

Естеріңізге салайық, Алматы жартылай марафоны осы жексенбі 13-қазанда өтеді. 

Шара ұйымдастырушылары – "Бірінші болу - батылдық" корпоративті қоры, "World Class Almaty" фитнес-клубы, Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық Сенің басқа қырың Youtube-каналы.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама