Алматы - 2022 жылғы Ақ Олимпиаданы өткізуге басты үміткер

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Бұл туралы бүгін, 7 шілде күні ХОК атқарушы комитетінің Лозаннада өткен жиынында белгілі болды. Айта кетейік, Норвегия астанасы Осло қаласы 1952 жылы Ақ Олимпиаданы өткізіп үлгерсе, «аспанасты елі» астанасы Пекин қаласында да 2008 жылы жазғы Олимпиада болып өтті. Үш кандидаттың ішінде Қазақстанның бас қаласы ғана мұндай деңгейдегі байрақты бәсекені қабылдап көрмеген.    

Осыған дейін 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткерлер арасынан Стокгольм (Швеция), Краков (Польша) және Львов (Украина) қалалары түрлі себептерге байланысты өз еріктерімен бас тартқан еді.

Ал 2022 жылғы Олимпиданы өткізу бақыты кімге бұйыратынын келесі жылдың жазында ХОК-тің Малайзияда өтетін жеңімпазды жариялау салтанатында біле аламыз. Естеріңізге салар болсақ, 2014 жылғы қысқы ойындар Сочиде өткен болса, 2018 жылғы Олимпиада оңтүстіккореялық Пхенчханда жалауын көтермек.  

Көпшілік мамандар Алматы қаласын үш үміткердің ішіндегі фавориті санап отыр. Оңтүстік астанамызға аталған ойындарды өткізу үшін тек екі объект қана (бобслей трассасы мен үлкен мұз айдыны кешені) салу жеткілікті екен.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: news.nur.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама