Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы қызметіне қайта сайланды
Конференция барысында федерацияның есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған даму жоспарлары мен стратегиялары талқыланды.
Күн тәртібіндегі басты мәселе спорт ұйымының президентін сайлау болды.
Конференция қатысушыларының бірауыздан қабылдаған шешімімен Әлия Юсупова федерация басшысы қызметіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.
Еске салайық, Әлия Юсупова 2021 жылы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті қызметіне келген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!