Әли Тұрғанбеков Модричпен кездесті

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Фото ©️ facebook.com

Дүниеге келгенде екі аяғы да болмаған Әли мүгедек жандар қатарында. Аяғы болмаса да, доп ойнауға құмары басым. Спорттың бұл түрімен байланысты бағдарламаларды үзбей қарайды. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

It was great to meet @ali_amir_happy ???? Continue inspiring the world through your happiness. Football is more than just a game. ⚽❤ #TheBestThingsNeverComeEasy

Публикация от Luka Modric (@lukamodric10)13 Фев 2020 в 8:24 PST

Осы кездесуден кейін атақты хорват футболшысы Әлимен кездесуін instagram әлеуметтік желісінде бөлісіті: 

“Әлимен танысу өте керемет болды. Әлемді бақытты болу арқылы шабыттандыра бер.  Футбол жай ғана спорт емес”, - деп жазды Модрич.

Әли де Модричке алғысын білдірді.

“Сізге мың алғыс, қымбатты досым! Мен өте қуаныштымын! Құдайға әр сәт үшін алғыс айтамын!”, - деп жазды жерлесіміз instagram әлеуметтік желісіне.

Айта кетейік, жақында Алматыда өткен аралас жекпе-жек кешінде Әли жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездесіп, өзінің бұрыннан бергі арманын орындады. Ол UFC сарбазына "ПСЖ" футболшылары қол қойған добын тарту етті, онымен футбол ойнады.  Оған қоса Хабиб Нурмагомедов бала Әлиге оның кумирі Криштиану Роналду кездестіруге уәде беріп, араға апта салмай сөзінде тұрды. 

Әли кездескен әлем спорты жұлдыздары

Сондай-ақ Әли Месси, Андрей Шевченко, Неймар, Киллиан Мбаппе, Эдинсон Кавани, Диего Марадона, Ливерпуль ойыншылары Мохаммед Салах, Роберто Фирмино, клубтың бас жаттықтырушысы Юрген Клопп және футбол аңыздары Кафу, Хулио Сезар, Бебето, Хавимен кездескен.

Ол сонымен қатар Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын тапсырды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама