Али Ахмедов қарсыласынан бірінші раундта-ақ айласын асырды

О Сансызбай Корреспондент

6 раундқа жоспарланған жекпе-жек бар болғаны 1 минут 44 секундқа ғана созылды. Али Ахмедов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Барлығын мезгілінен бұрын аяқтап отыр. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Али Ахмедов 24 қыркүйек күні ғана жекпе-жек өткізген болатын. Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен жарыста отандасымыз грузин Минди Нозадзені жекпе-жектің 39 секундында-ақ жеңген еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама