Әли Ахмедов Головкиннің бұрынғы бапкерімен бірге жаттықпайтын болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ boxingscene.com

29 жастағы боксшы қазір Лос-Анджелес маңындағы Ten Goose Boxing Gym залында жаттығып жүр. Онда ол Рикки Фунес есімді маманмен дайындық жұмысын бастаған. 

Әли Ахмедов бұған дейін 2019-2022 жылдар аралығында Геннадий Головкинді жаттықтырған Джонатан Бэнкспен жекпе-жектерге дайындалатын. 

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 20 қыркүйек күні Дублинде (Ирландия) өткізді. Төрешілер шешімі бойынша француз Пьер Юбер Дибомбені (22-2-1, 12 КО) жеңіп шыққан болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама