
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) жаттықтырушысын алмастырды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
29 жастағы боксшы қазір Лос-Анджелес маңындағы Ten Goose Boxing Gym залында жаттығып жүр. Онда ол Рикки Фунес есімді маманмен дайындық жұмысын бастаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әли Ахмедов бұған дейін 2019-2022 жылдар аралығында Геннадий Головкинді жаттықтырған Джонатан Бэнкспен жекпе-жектерге дайындалатын.
Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 20 қыркүйек күні Дублинде (Ирландия) өткізді. Төрешілер шешімі бойынша француз Пьер Юбер Дибомбені (22-2-1, 12 КО) жеңіп шыққан болатын.