Алешандро Пато «Челси» клубына ауысты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

- «Челси» клубына ауысып келгеніме қуаныштымын. Бұл – менің арманым болатын. Жаңа әріптестеріммен танысып, ойнауға асығып тұрмын. Клубтың маған назар аударғанына алғысымды білдіремін. Жанкүйерлер сенімін ақтаймын, - деді шабуылшы.

Алешандро Пато Бразилияның «Сан-Паулу» клубында өнер көрсетіп жүрген болатын. Негізінен «Коринтианс» клубының ойыншысы. Шабуылшы лондондық клуб қатарында да маусым соңына дейін жалда (аренда) ойнайтын болады.

Бразилиялық футболшының Еуропа алаңдарында өнер көрсеткен тәжірибесі бар. Ол 2007-2013 жылдар аралығында «Милан» клубының сапында ойнап, 150 ойында 63 гол соққан. Кейіннен ауыр жарақатына байланысты еліне оралған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама