Әлемдегі ең бойшаң футболшылардың бірі саналатын "Қайрат" қорғаушысы командадан кетті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ "Қайрат" ФК

Сербиялық қорғаушы жарақатына байланысты осы маусымда ойынға көп қатысқан жоқ. Басым бөлігін алаң сыртында тамашалады. Бар болғаны 10 ойынға ғана шығып, 1 гол соқты.

30 жастағы футболшы Қайрат сапына 2014 жылдың басында Румынияның "Газ-Метан" клубынан ауысып келген еді. Алматылық команда сапында екі рет Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

- Ұмытылмас 4 жыл ішінде бауыр басқан жанкүйерлер мен "Қайрат" футбол клубының ұжымына рақмет айтамын. Бұл команда менің жүрегімде мәңгі сақталады. Өкініп-ақ кетіп барамын. "Қайрат" футбол клубы мен Алматыны әрқашан қуана еске алатын боламын. Алға, "Қайрат", - деп жазды футболшы.

Айта кетейік, Жарко Маркович – Қазақстан премьер-лигасындағы ғана емес, әлемдегі бойшаң футболшылардың бірі болатын. Оның бойының ұзындығы - 2,04 см.

Осыған дейін Қайрат футбол клубының сапынан Жерар Гоу да кеткенін хабарлаған еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама