Әлемдегі ең бай спортшының байлығы 1.3 млрд доллардан асты

Ла Лига Корреспондент

Golf Digest журналы отыз сегіз жастағы американдық спортшының байлығы 1.3 миллиард доллардан асқанын жазуда. Аталған соманың 88 пайызын спортшы жарнамалық келісімдерден алып отырған («Nike», «Buick» және «Gillette» сынды аты әлемге әйгілі сауда белгілері), ал қалғандары әртүрлі турнирлердегі жеңістерден келіп түсіпті.

2013 жылы жарнамалық келісімдердің арқасында Вудс 71 миллион долларға қол жеткізіп, түрлі жарыстардан 12 миллион доллар табыс түсіріп отырған.

Ертеректе танымал гольфшы Forbes журналының жаңартылған нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп жалақы алатын жүз спортшының қатарына енген еді. Содан бөлек, осы уақыттың ең танымал тұлғаларының тізімінде он бесінші орынға табан тіреген болатын.

Осы уақыттың ең танымал тұлғалар жүздігіне енген спортшылар:

8. Роджер Федерер ( теннис, жылдық табысы - $71 млн)

15. Тайгер Вудс (гольф, $78 млн)

16. Леброн Джеймс (баскетбол, $60 млн)

19. Дэвид Бекхэм (футбол, $47 млн)

24. Коби Брайант (баскетбол, $62 мл)

31. Криштиану Роналду (футбол, $44 млн)

39. Леонель Месси (футбол, $41 млн)

48. Усейн Болт (жеңіл атлетика, $24 млн)

50. Дрю Бриис (американдық футбол, $51 млн)

51. Рафаэль Надаль (теннис, $26 млн)

52. Фил Микелсон (гольф, $49 млн) 

56. Серена Уильямс (теннис, $20 млн)

62. Мария Шарапова (теннис, $29 млн)

65. Том Бреди (американдық футбол, $38 млн)

78. Мэнни Пакиао (бокс, $34 млн)

88. Флойд Мэйвезер (бокс, $34 млн)

91. Данника Патрик (автоспорт, $15 млн).

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: espn.go.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама