Әлем чемпионатына баратын балуандар іріктелді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ confederation.kz

Астанада өткен «Президент Кубогының» соңғы күні Қазақстан құрамасының грек-рим күресінен бапкерлер кеңесі өтті. Оның қорытындысы бойынша 2015 жылғы 7-13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін әлем чемпионатына келесі балуандар баратын болды:

Алмат Кебіспаев (59 келі),

Демеу Жадыраев (66 келі),

Дархан Баяхметов (71 келі),

Досжан Картықов (75 келі),

Асхат Ділмұхамедов (80 келі),

Нұрсұлтан Тұрсынов (85 келі),

Ерұлан Ысқақов (98 келі),

Нұрмахан Тінәлиев (130 келі).

10 тамызға дейін балуандар жеке бағдарлама бойынша жаттығып, кейіннен ұлттық құрама Алматы облысындағы «Ақ-Бұлақ» кешенінде жиын өткізеді. Ал, 24 тамызда команда Колорадо (АҚШ) қаласына оқу-жаттығу жиынына аттанады. Осыдан соң Таңат Сағындықов шәкірттері 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Лас-Вегастағы әлем чемпионатына жол тартады.

Астанадағы «Президент кубогынан» кейін еркін күрестен де әлем чемпионатына баратын ел құрамасының құрамы жасақталды. Спортшылар 4-24 тамыз аралығында Алуштада (Крым) Әзірбайжан мен Беларусь құрамасымен жиын өткізеді. Ал әлем чемпионатына 10 күн қалғанда АҚШ-та жаттығады.

Ерлер:

Артас Сана (57 келі)

Дәулет Ниязбеков (61 келі)

Саятбек Оқасов (65 келі)

Нұрлан Бекжанов (70 келі)

Жігер Закиров (74 келі)

Әділет Давлунбаев (86 келі)

Әлихан Жұмаев (97 келі)

Дәулет Шабанбай (125 келі)

Әйелдер:

Татьяна Аманжол (48 келі)

Жұлдыз Әшімова (53 келі)

Айжан Смағұлова (55 келі)

Айым Әбділдина (58 келі)

Мадина Бақбергенова (60 келі)

Екатерина Ларионова (63 келі)

Эльмира Сыздықова (69 келі)

Гузель Манюрова (75 келі)

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама