Әлем чемпионаты: Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда сүрінді
75 килоға дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет филппин боксшысы Эймур Марисальмен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті (5:0) филппин боксшыға берді. Тұрсынбай Құлахмет бірінші раундта нокдаунға түсіп, екінші, үшінші раундта қарсыласының қарымына шыдас бере алмады.
Бұған дейін жекпе-жек өткізіп үлгерген Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңіліс тапты. Ол үнді боксшысы Амит Пангхалға 2:3 есебімен есе жіберіп, қола жүлдені еншіледі.
Айта кету керек, Қазақстан жартылай финалға шыққан боксшыларының саны бойынша әлем чемпионатында көш бастап тұр. Біздің алты бірдей боксшымыз 1/2 финалға жолдама алды.
Бүгін тағы төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар:
Күндізгі сессия, 16:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
91 кг: Василий Левит - Хулио Сезар Кастиллио (Эквадор)
Кешкі сессия, 20:00
69 кг: Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей)
81 кг: Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Сезар Ла Круз (Куба)
+91 кг: Қамшыбек Қоңқабаев - Джастис Хуни (Аустралия)