Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов қоржынға алғашқы жүлдені салды
52 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын боксшымыз үнді спортшысы Амит Пангхалмен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 2:3 есебімен үнді боксшысына берді. Енді Амит Пангхал финалда француз боксшысы Билал Беннамды жеңген өзбек Шахобиддин Зоировпен алтын үшін күш сынасады.
Әлем чемпионатын жартылай финалда аяқтаған 22 жастағы боксшы қола жүлде алып, Қазақстанның қоржынына алғашқы медальді салды.
Айта кету керек, Қазақстан жартылай финалға шыққан боксшыларының саны бойынша әлем чемпионатында көш бастап тұр. Біздің алты бірдей боксшымыз 1/2 финалға жолдама алды.
Бүгін тағы бес боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар:
Күндізгі сессия, 16:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет - Эймур Марисаль (Филиппин)
91 келі: Василий Левит - Хулио Сезар Кастиллио (Эквадор)
Кешкі сессия, 20:00
69 келі: Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей)
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Сезар Ла Круз (Куба)
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев -Джастис Хуни (Аустралия)