Әлем чемпионаты. Футзалдан Қазақстан құрамасы Литваны ұтты
Қазақстан құрамасы ойында жылдам гол соқты. Небәрі 23-ші секундта-ақ есепте алға шықты. Осылайша әлем чемпионатындағы ұлттық құраманың ең жылдам голын Тайнан өз еншісіне жазды.
Ойындағы кейінгі екі гол екінші таймда соғылды. 30-шы минутта Дәурен Тұрсағұлов есепте басымдықты арттырды. Ал 36-шы минутта Альберт Ақбалықов үшінші голды соғып, қазақ спорты жанкүйерлерін қуантты.
Айта кетейік, Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы топтағы бірінші ойында Коста-Риканы 6:1 есебімен ұтқан болатын. 18 қыркүйек күні Венесуэла құрамасымен кездеседі.
Топтан үздік атанған екі құрама плей-оффқа жолдама алады. Қазақстан мен Венесуэла топтан бірінші орынмен шығу үшін таласады.