Әлем Чемпионаты алдында “Барыс“ үздік қақпашыларынан айырылды

Айжан Бақдаулет Корреспондент
Фото ©️ "Барыс" хоккей клубы

Бұл жаңалық "Барыс" пен "Сібір" арасындағы матчтың (4:1) алдында белгілі болды. Бұған дейін команданың тағы бір негізгі қақпашысы Никита Бояркин да жарақат алып, қатардан шыққан болатын. Ол КХЛ жұлдыздар матчына қатысқан жалғыз қазақстандық хоккейші еді. Шутов пен Бояркиннің орнына 20 жастағы Артем Шестаков шықты. Жас қақпашы тамаша ойын көрсетіп, матчтың үздік ойыншысы атанып, "Барыс" клубының КХЛ-дегі 500-жеңісіне өз үлесін қосты.

"Маусым соңына дейін жас қақпашылар ойнай ма? Солай болып тұр. Маттссон да жарақат алды. Шестаков бүгін өзін жақсы көрсетті, ойынды алып шықты. Челябіде тәжірибе жинап, бүгін де сенімді ойнады", – деді "Барыс" бас бапкері Ғалым Мамбеталиев.

Айта кетейік, Андрей Шутов пен Никита Бояркин соңғы екі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының негізгі қақпашылары болған. Шутов тіпті өткен чемпионаттарда команданың үздік ойыншысы деп танылған.

Қазіргі уақытта Шутовтың 2025 жылғы әлем чемпионатының басталуына дейін қалпына келуі екіталай. Турнир 9-25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтеді. Ал "Барыстың" маусымдағы соңғы ойыны 22 наурызда болады.

Еске сала кетейік, "Барыс" КХЛ-дың 2024/2025 маусымында плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Клуб басшылығы бұл маусымда америкалық легионерлерден бас тартып, өз ойыншыларына сенім артуға шешім қабылдаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама