«Әлем барысы». Руслан мен Айбек айқын жеңіске жетті
Айбек Нұғымаров, Бейбіт Ыстыбаев пен Асыл Барменов жеребеге сай белдесулерін екінші айналымнан бастайды. Ал бірінші айналымда аса ауыр салмақтағы балуан Аспе Анже Филипені жеңген Руслан Әбдіразақов жанкүйерлерді бір қуантып тастады. «Қара құрлықтан» келген қарсылас та оңайлықпен беріле қойған жоқ. Жамбас әдісіне саламын деп, жерлесіміздің жеңісіне жол берді.
Екінші айналымда Айбек Нұғымаров дат елінен келген Томас Йоханссеннен мықты екенін дәлелдеді. Сылбыр өткен белдесудің аяқталуына 50 секунд қалғанда жерлесіміз қарсыласын басынан асыра лақтырып, келесі кезеңге сүрінбей өтті. Нәтижесінде Айбек эстон балуаны Мартин Падармен белдеседі.
Сурет: facebook.com