Алексей Полторанин «Тур де Скидің» бесінші кезеңінде бірінші келді (видео)

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

15 шақырымды классикалық стильде жүріп өтуде Алексей Полторанин алдына жан салмады. Бұл қашықтықты отандасымыз 35 минут 35,9 секундта бағындырды. Екінші болып келген Дарио Колонья отандасымыздан 0,01 секундқа ғана қалып қойды. Үштікті италиялық Франческо де Фабиани (+0,6) түйіндеді.

Алексей Полторанин спорттық мансабында 22 рет жеңімпаздар тұғырынан көрінген. Оның 9-да алтын медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, Алексей Полторанин «Тур де Скидің» кеше өткен төртінші кезеңінде мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлде жеңіп алған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама