Алексей Полторанин «Тур де Ски» жарысында бесінші орынға көтерілді
1,4 шақырымға классикалық әдіспен жүгіруде Алексей Полторанин мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлдегер атанды. Нәтижесінде жалпы есепте бесінші орынға көтерілді. Үздіктер көшін норвег шаңғышысы Мартин Йонсруд Сундбю бастап келеді. Екінші орында да екінші бір норвег спортшысы Петтер Нортуг орналасқан. Ал үштікті әзірге ресейлік Сергей Устюгов қорытындылауда. Ол көшбасшыдан 1 минут 56,9 секундқа қалып келеді. Төртінші орында фин спортшысы Финн Хоген Крог болса, бесінші орында Алексей Полторанин келеді. Отандасымыз бірінші орындағы Мартин Йонсруд Сундбюдан 2 минут 40,9 секундқа қалып келеді.
«Тур де Ски» көпкүндік жарысының алда әлі төрт кезеңі бар. Отандасымыздың жалпы есепте жүлделі орыннан көрінуіне зор мүмкіндігі бар. Дода 10 қаңтар күні Италияның Валь ди Фьемме тау-шаңғы курорты аймағында мәресіне жетеді.