Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасындағы 50 шақырымдық спринттік сайыс аяқталды. ҚазақстандықАлексей Полторанинжүлделі орыннан көріне алмады. Жарыс қорытындысы бойынша финИйво НисканенОлимпиада чемпионы атанды. Күміс және қола медальды ресейлік спортшыларАлександр БольшуновпенАндрей Ларьков иеленді. АлАлексей Полторанин15-орында қалып қойды. Айта кетейік, кеше қазақстандық спортшының бас жаттықтырушысы эстонМати Алавершәкірті жүлделі орыннан көріне алмаса, осы маусымдағы барлық жалақысын кері қайтаратынын айтқан болатын. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір қола медаль ғана бар. Оны фристайлшыЮлия Галышеважеңіп алған болатын. Ақ Олимпиада ойындары ертең аяқталады.