Қазақстандық шаңғышыАлексей ПолторанинСловенияның Планица аумағында өткен әлем кубогының VI кезеңінде жеңімпаз атанды. 15 шақырымды жекелей классикалық әдіспен жүруде отандасымыз мәреге бірінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 36 минут 54,7 секундта жүріп өтті. Екінші орын алған норвегЙоханнес Хёсфлот Клэбоотандасымыздан 13,2 секундқа кеш келді. Үздік үштікті шведКалле Хальфварссонтүйіндеді. Айта кетейік, Алексей Полторанин қаңтар айының басында Тур де Скидің көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңінде дәл осы қашықтықта топ жарған болатын.